Ақтөбеде қалдықтарды бөлек жинауға тағы бір мүмкіндік!

Ақтөбеде қалдықтарды бөлек жинауға тағы бір мүмкіндік!

«Жасыл кеңсе» жобасы аясында Ақтөбе қаласындағы Sinooil жанармай құю бекетіне макулатура мен пластик қалдықтарын бөлек жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылды.

Енді қала тұрғындары мен қонақтары қалдықтарды сұрыптап, оларды арнайы контейнерлерге тапсыру арқылы қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қоса алады.

Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Сақтаған Бәйішев көшесі, 6.

Экологиялық бастамаларды қолдап, Ақтөбе қаласында қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін дамытуға үлес қосып отырған Sinooil компаниясына алғысымызды білдіреміз!

Таза Ақтөбе — бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз!