«Жасыл Мекен» ЖШС командасы «Жасыл кеңсе» жобасы аясында серіктестердің нысандарында экологиялық тәжірибелерді енгізу жұмыстарын жалғастыруда.

«Жасыл Мекен» ЖШС командасы «Жасыл кеңсе» жобасы аясында серіктестердің нысандарында экологиялық тәжірибелерді енгізу жұмыстарын жалғастыруда.

Бүгін «Sinooil» ЖШС АФ нысанында JasylMeken мамандары қызметкерлерге қалдықтарды дұрыс сұрыптау және жұмыс орнында экологиялық жауапкершілікке негізделген әдеттерді қалыптастыру тақырыбында практикалық оқыту өткізді.

Оқыту барысында қатысушылар қағаз, пластик және басқа да қалдық түрлерін сұрыптау ережелерімен егжей-тегжейлі танысып, қандай материалдарды қайта өңдеуге тапсыруға болатынын және қандай қалдықтардың қайта өңдеуге қабылданбайтынын талқылады. Қалдықтарды сұрыптау кезінде жиі кездесетін қателіктер мен олардың алдын алу жолдарына ерекше назар аударылды.

Алынған білімді бекіту мақсатында қызметкерлер онлайн-тестілеуден өтіп, қалдықтарды бөлек жинаудың негізгі қағидаттары бойынша өз білімдерін тексерді.

«Жасыл кеңсе» — бұл тек арнайы контейнерлердің болуы ғана емес, сонымен қатар әрбір қызметкердің саналы түрде атсалысуы. Қалдықтарды дұрыс сұрыптау — нені тастап жатқанымызды және оны қай контейнерге салу керектігін түсінуден басталады.

Өткізілген оқыту «Sinooil» ЖШС АФ қызметкерлерінің экологиялық мәдениетін дамытуға және корпоративтік ортада қалдықтарды жауапкершілікпен басқару қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған кезекті маңызды қадам болды.