Ақтөбедегі қалдықтарды қабылдау пункттері: «KEGOC» АҚ филиалының қызметкерлеріне арналған оқыту
«Жасыл кеңсе» жобасы аясында «JasylMeken» ЖШС мамандары Ақтөбе қаласындағы «KEGOC» АҚ филиалының қызметкерлеріне қалдықтар мен қайталама шикізатты қабылдау пункттері туралы ақпараттық оқыту өткізді.
Оқыту барысында қызметкерлерге Ақтөбе қаласының тұрғындары әртүрлі қалдықтар мен қайталама шикізатты өз бетінше тапсыра алатын орындар туралы ақпарат ұсынылды.
Қатысушыларға қалада қандай қабылдау пункттері жұмыс істейтіні, олардың қандай қалдық түрлерін қабылдайтыны және қалдықтарды әрі қарай тапсыру үшін қайда жүгінуге болатыны түсіндірілді.
Оқытудың негізгі мақсаты — қызметкерлерді Ақтөбе қаласындағы қолжетімді қалдықтарды қабылдау пункттерімен таныстыру және жиналған қалдықтарды жалпы тұрмыстық қоқыспен бірге тастамай, арнайы қабылдау орындарына тапсыру мүмкіндіктерін көрсету.
Мұндай ақпарат күнделікті өмірде экологиялық жауапты әрекеттерді жүзеге асыруды жеңілдетіп, оларды барынша түсінікті әрі қолжетімді етеді.
«JasylMeken» ЖШС «Жасыл кеңсе» жобасы аясында ақпараттық және оқыту іс-шараларын өткізуді жалғастыруда.




«Jasylmeken» ЖШС