«Jasylmeken» ЖШС Smart Plastic Zone экологиялық жобасы аясында күміс белгімен марапатталды

«Jasylmeken» ЖШС Smart Plastic Zone экологиялық жобасы аясында күміс белгімен марапатталды

«Jasylmeken» ЖШС пластикті тұрақты пайдалануға және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын енгізуге бағытталған Smart Plastic Zone жобасына қатысқаны үшін Smart Plastic Zone – SILVER күміс айырым белгісі мен қатысушы сертификатына ие болды.

Coca-Cola, GPI және Green Urban қауымдастығының қатысуымен жүзеге асырылатын Smart Plastic Zone жобасы пластикалық материалдарды ұтымды пайдалану тәжірибесін ілгерілетуге және қалдықтарды басқаруда экологиялық жауапты көзқарасты қалыптастыруға бағытталған.

Күміс айырым белгісінің берілуі «Jasylmeken» ЖШС-нің ресурстарды жауапкершілікпен пайдалануға және қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға бағытталған бастамаларға қатысуының мойындалғанын көрсетеді.

«Jasylmeken» ЖШС экологиялық бастамаларды қолдауды, тұрақты даму қағидаттарын енгізуге және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуді жалғастырады