ЭКОЛОГИЯ ИГІЛІГІ ҮШІН КЕЗЕКТІ ТЫҢДАУ

Card image cap

ҚР Экологиялық кодексінің 96-бабының талаптарына сәйкес, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына қарасты Боранқұл ауылының Мәдениет үйінде«Nobilis Corp» серіктестігінің «Боранқұл» кен орнының 2025-2028 жылдарға шекті рұқсат етілген шығарындылардың нормативтері жобасын түзету және қоршаған ортаны қорғау бағдарламалары бойынша қоғамдық тыңдау өтті.    

Жиынға ауылдың атқарушы билігі мен халқынан бөлек, Ақтөбеден “Жасыл мекен” қызметкерлері Тимур Үмітбаев пен Әділбек Тұяқов қатысып, тақырып бойынша баяндама жасады.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру процесі басталғанға дейін қоғамдық тыңдаулар өткізу міндетті екені белгілі. Сол ізбен «Боранқұл» кен орнының кен орны үшін әсер етуге экологиялық рұқсат етуге бағытталған аталған шарада эколог мамандар кәсіби тұрғыда ой-тұжырымдарын ортаға салды.

Айта кетейік, «Боранқұл» кен орны Маңғыстау облысының солтүстік бөлігінде, Боранқұл кентінің батысында орналасқан.  Геологиялық тұрғыдан кен орны Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бортында оңтүстік Ембі жерленген палеозой көтерілісі шегінде орналасқан. Әкімшілік-аумақтық жағынан аталған кен орны Бейнеу ауданында тұр.  Бұған дейін кен орны “ҚазМұнайТеңіз” ЖШС-не тиесілі болған, бірақ көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондағы жеңіс нәтижесінде барлық құқықтар “Nobilis Corp”ЖШС-не өтті. Кәсіпорынның негізгі қызметі –  шикі мұнай және ілеспе газ өндіру.

Қоғамдық тыңдауға қосымша ақпаратты келесі электрондық мекенжай бойынша алуға болады novelty.kz@mail.ru және телефон арқылы +7 778 129 78 09 алуға болады.