ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ — БАСТЫ НАЗАРДА

Card image cap

«Jasyl meken» экологиялық компаниясы қоршаған ортаның жақсаруына нақтылы істермен үлес қосып қоймай, осы бағыт бойынша оқытуды да назардан тыс қалдырмайды. Айталық, біздің мамандар «Алға-Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның басшылығы мен жауапты қызметкерлері үшін «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» курсы бойынша оқыту курсын өткізді.

Курс барысында біз еңбек кодексінің кейбір мәселелерін, жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету тәртібін, еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етудегі мемлекеттік және ішкі бақылауды, қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастарының қағидаттарын кеңінен қарастырдық.

Соңында барлық қатысушыларға сертификаттар беріліп, өзара пікір алмасу болды.

Қатысушылардың белсенділігі айрықша болғанын айта кету керек. Әсіресе, кадр бөлімінің инспекторы Гүлдана Асанова мен техникалық оқыту бөлімінің басшысы Мөлдір Қабиеваның еңбегін ерекше атап өткен жөн.