КОМПАНИЯНЫҢ ЭКОАКЦИЯҒА ҮЛЕСІ

Card image cap

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті экология кафедрасының оқытушысы, «Жасыл мекен» компаниясының директоры Әділбек Нұртазин «ЭКО – FEST» экологиялық айлығы қорытындыланған шараға қатысты.

Есет батыр шағын ауданындағы Д.Қонаев атындағы орта мектепте өткен марапаттау кешінің мақсаты — экобелсенділердің еңбегін атап өту. Бұл ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясының қолдауымен өткізілген  «ЭКО – FEST» экологиялық айлығы аясында қолға алынған шара.

— 1 айға созылған шара барысында «Әдеппен экоәдеттен», экологиялық тақырыпта салынған плакаттар, сондай-ақ «Әлем – ортақ үйіміз» байқаулары, сурет көрмелері, басқа да шаралар ұйымдастырылды. Сол арқылы өскелең ұрпақ арасында экологиялық мәдениет  қалыптастыру көзделді.

Тәжірибелі эколог ретінде айлықтың қорытынды кешіне шақырылып, белсенділерді марапаттадық. «Таза Қазақстан» экоакциясының мақсат-мұраты туралы әңгімеледік. Оқушыларға – еліміздің болашағына мұндай шараның маңызы зор, — дейді Әділбек.

Мектепте осы тақырыпқа арналған көшпелі көрме де өткізілді.