«ЭКОЛОГИЯДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР: МЕНІҢ ЖАСЫЛ ЖОЛЫМ»

«Жасыл мекен» компаниясындағы инженер-эколог Мадина Капина Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің экология мамандығының 1-3 курс студенттерімен «Экологиядағы алғашқы қадамдар: менің жасыл жолым» атты кездесу өткізді.
Инженер-эколог студенттерге экология саласындағы қызметі мен ғылыми ізденістері туралы бейнематериал ұсынды. Ол экологиядағы алғашқы қадамдарын, неліктен бұл саланы таңдағанын және өз тәжірибесі арқылы алған сабақтарын айтып, жастарға кәсіби бағдар берді. Сонымен қатар, экологияның маңыздылығын, адамдардың қазіргі заманғы экологиялық мәселелерді шешудегі рөлі және студенттердің болашақтағы мансаптық мүмкіндіктері туралы әңгімеледі. Студенттер сұрақтарын қойып, маманнан құнды кеңестер алды.
Басқосуда «Жасыл мекен» компаниясыныңдиректоры Әділбек Нұртазин экология саласындағы қазіргі заманғы мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы айтып, студенттерге экологиялық мәдениетті дамыту үшін қажетті дағдылар мен білімдерді меңгерудің маңыздылығын түсіндірді. Ол жастардың экологиялық сауатын арттыру, табиғатты қорғау және сақтау бағытында белсенді әрекет ету қажеттігін ерекше атап өтті.
Бұл жиын студенттердің кәсіби дамуына зор үлес қосып, экология саласындағы жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктер туралы ақпарат алуға мүмкіндік берді.

