«Жасыл мектеп» жобасы аясында өткен “Кітап — сарқылмас қазына” атты кездесуге қатысты.

Card image cap

Аталған білім ордасының түлегі, кәсіпкер Әділбек Түгелбайұлы Нұртазин мектеп кітапханасына 140 кітап тарту етті.

Кездесу барысында қонақтар «Жасыл мектеп» жобасының мақсаты мен маңыздылығы, сондай-ақ “JASYLMEKEN” компаниясының негізгі қызмет бағыттары мен экологиялық бастамалары- инновациялық жобаларымен
танысты. Оқушылар мен ұстаздарға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы, қағазды қайта өңдеу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жолдары туралы мағлұмат берілді. Бұл шара жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық сауаттылықты дамытуға бағытталған игі қадам болды.

Шара соңында мектеп ұжымы мен оқушылар алғыстарын білдіріп, осындай мағыналы кездесулер жиі өткізіліп тұруына тілектестігін білдірді.