4.Jun.2025
Алдымен балалармен көңілді ойын ойнап, жылы қарым-қатынас орнаттық. Содан кейін бірге гүл мен көкөніс егіп, табиғатқа деген сүйіспеншілікті бойларына сіңіруге тырыстық. Шара соңында белсенділік танытып, сұрақтарға дұрыс жауап берген балалар тәтті сыйлықтармен марапатталды!
4.Jun.2025
Бұл оқыту өндірістік экологтар мен басшылық құрамға арналды. Қатысушылар 3 күн бойы мынадай маңызды тақырыптарды қамтыды: • Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасындағы жаңалықтар • Халықаралық экологиялық стандарттар мен тәжірибелер • Табиғатты қорғау шараларын тиімді ұйымдастыру жолдары Спикерлер: — Экология департаментінің мамандары — Халықаралық деңгейдегі эколог-консультант 📌 Оқытуға келесі мекемелердің өкілдері қатысты: — “СпецСтройМонтаж” ЖШС — “Стройдеталь” ЖШС — “Жанажол ГТЭС” ЖШС — “Алға-Жылу” КМК — “АКМЭЗ” […]
26.May.2025
Аталған білім ордасының түлегі, кәсіпкер Әділбек Түгелбайұлы Нұртазин мектеп кітапханасына 140 кітап тарту етті. Кездесу барысында қонақтар «Жасыл мектеп» жобасының мақсаты мен маңыздылығы, сондай-ақ “JASYLMEKEN” компаниясының негізгі қызмет бағыттары мен экологиялық бастамалары- инновациялық жобаларыментанысты. Оқушылар мен ұстаздарға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы, қағазды қайта өңдеу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жолдары туралы мағлұмат берілді. Бұл шара […]
30.Apr.2025
«Жасыл мекен» компаниясының ұжымы білімін жетілдіріп, сала бойынша тәжірибесін арттыруға әрдайым ерекше көңіл бөледі. Семинар-тренинг, конференцияларға ұдайы қатысады. Сол ізбен Ақтөбе қаласындағы «Амстердам» қонақ үйінің конференц-залында өткен «YouLP Alumni Talks in Aqtobe» конференциясына барды. Шара Фридрих Эберт атындағы қордың демеуімен ұйымдастырылды. —«Жасыл мекен» ЖШС қызметкерлері экологиялық тұрақтылық, жастар көшбасшылығы және азаматтық белсенділік мәселелеріне үлкен қызығушылық […]
21.Apr.2025
«Жасыл мекен» компаниясындағы инженер-эколог Мадина Капина Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің экология мамандығының 1-3 курс студенттерімен «Экологиядағы алғашқы қадамдар: менің жасыл жолым» атты кездесу өткізді. Инженер-эколог студенттерге экология саласындағы қызметі мен ғылыми ізденістері туралы бейнематериал ұсынды. Ол экологиядағы алғашқы қадамдарын, неліктен бұл саланы таңдағанын және өз тәжірибесі арқылы алған сабақтарын айтып, жастарға кәсіби бағдар берді. […]
15.Apr.2025
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жасыл мекен» компаниясының ұжымы Ақтөбе Жоғары гуманитарлық колледжінде «Менің эко-стильдегі өмірім» тақырыбында танымдық кездесу өткізді. Кездесуді компания басшысы Әділбек Нуртазин ашып, жалпы экологиялық сауат, экомәдениеттің болашақ ұстаздар үшін маңыздылығын түсіндірді. Себебі ұрпақ тәрбиесінде тәрбиелешілер мен ұстаздардың рөлі жоғары. Спикер Мәдина Капина іс-шара барысында жиналғандарға экологиялық сән, жасыл технологиялар, қайта өңделетін […]
7.Apr.2025
«Жасыл мекен» компаниясының басшысы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті экология кафедрасының оқытушысы Әділбек Нұртазин М.Оспанов атындағы Ақтөбе медицина университетінің студенттерімен кездесті. Басқосуда «EcoMed» еріктілер клубы ұйымдастырды. «Табиғат — біздің қолымызда» тақырыбында өткен кездесубарысында оқытушы әрі кәсіпкер өзі басқаратын компания туралы, өңірдегі экология саласындағы ахуалды жақсарту үшін Ақтөбе қаласында фандоматтарды орната бастағаны жөнінде тоқталды. Пластик, алюминий […]
3.Apr.2025
«Жасыл мекен» компаниясының басшысы Әділбек Нұртазин бастаған ұжым Ақтөбе қаласындағы жаңа катализа́торларды сынақтан өткізді. «Байтақ» жасылдар партиясының мүшесі әрі эколог ретінде қатысқан бұл шараның маңызы зор. Жергілікті билік, қоғам белсенділерімен кәріз су сорғалау бекетіне барған топ кәріз жүйесінен шығатын жағымсыз иісті бейтараптандырғыш инновациялық, биологиялық өнімнің көрсетілімінде болды. Жаңа өнім ағынды сулардың сапасын жақсартады, сондай-ақ кәріз жүйесінің […]
1.Apr.2025
Ақтөбеде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында сенбіліктер басталды. Экологиялық бастамаға «Жасыл мекен» компаниясы да атсалысып жатыр. 27 наурыз бен 31 мамыр аралығында облыста елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша екі айлықтың жарияланғаны белгілі. Негізгі мақсат — аумақтарды тазалау, көгалдандыру және өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту. Сенбілікке облыс әкімі Асхат Шахаров пен Ақтөбе қаласының әкімі Азамат […]
18.Mar.2025
«Жасыл мекен» компаниясының директоры Әділбек Нұртазин М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде өткен «Тұрақты даму мақсаттары: сын-тегеуріндер мен перспективалар» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шара аясында тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға байланысты өзекті мәселелер талқыланып, практикалық тәжірибе алмасу болды. Түрлі сала өкілдері өзара ой бөлісті. — Қазіргі әлем саналы көзқарас пен қоғамның белсенді қатысуын талап ететін […]