ЕКІБАСТҰЗДАҒЫ ТҮГЕНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

«Жасыл мекен» компаниясының қызметкерлері Екібастұз қаласындағы бірнеше стратегиялық нысанда түгендеу жұмыстарын жүргізді. Атап айтсақ, біздің мамандар «ГРЭС-1», «ГРЭС-2» жылу электрстанциялары мен «Богатырь көмір» ЖШС-да зерттеу шараларын жасады.
«ГРЭС-1» жылу электрстанциясында түгендеу 1-санаттағы экологиялық рұқсат алу үшін жасалды. Бұл бағыттағы Қазақстандағы ең ірі станцияның жобалық қуаттылығы – 4000 МВт. Зерттеу жүргізудегі басты себеп – әу баста көрсетілген мерзімнің осы жылы аяқталуы.
Ал «ГРЭС-2»-де парниктік газдарды түгендеу жүргізілді. Мұнда екі 500 МВт энергоблокпен күлділігі жоғары Екібастұз көмірінен электр энергиясы өндіріледі және орнатылған қуаттылығы 1000 МВт, олардың әрқайсысы P-57R қазандық қондырғыларымен жабдықталған. Оның екі энергоблогы қазіргі уақытта республикада өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 12% өндіреді. «ГРЭС-2» энергиясы Қазақстанның солтүстігін қамтамасыз етуге арналған. Тұтынушылар қатарында Қазақстанның ғана емес, Ресейдің де ондаған кәсіпорындары бар. Оның ішінде «Қазақстан темір жолы», «Байқоңыр» ғарыш айлағы, «Ертіс-Қарағанды» каналы бар.
Тапсырыс берушінің ұсынған мәліметтері негізінде 2 есеп әзірлеу тапсырылды.
«Богатырь көмір» ЖШС-да да парниктік газдарды түгендеу жүргізілді. Жалпы «Богатырь Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі өндірістік қызметі ашық әдіспен көмір өндіру, сонымен қатар құрылыс тасын өндіру және қиыршық тас өндіру болып табылады. Кәсіпорында көмірді өндіруді, жөнелтуді, сыртқы және ішкі (таңдамалы) жабындыларды өндіруді, темір жол және автомобиль көлігін пайдалана отырып, үстеме жыныстарды сыртқы және ішкі үйінділерге тасымалдауды қамтитын толық технологиялық цикл бар.
Екібастұз көмір бассейні Павлодар облысында, Павлодар облыс орталығынан 130 км қашықтықта орналасқан.

