«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ 

Card image cap

«Жасыл мекен» компаниясының сарапшылары «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының келесі филиалдары үшін Қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірледі: Алматы ӨМГ (2025-2031 жылдарға арналған), Тараз ӨМГ (2025-2032 жылдарға арналған ҚББ түзету), Шымкент ӨМГ (2025-2029 жылдарға арналған Поллакский 9-ПУ және Ақбұлақ ҚББ үшін түзетуі).

Осы «Интергаз Орталық Азия» АҚ филиалдары үшін қалдықтарды басқару бағдарламасы Кәсіпорынның өндірістік және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу саласындағы шаруашылық қызметінің теріс әсерін азайту мақсатында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі м.а.  2021 жылғы 9 тамыздағы №318 бұйрығы негізінде әзірленді.

Қалдықтарды басқару және қауіпсіз өңдеу «Интергаз Орталық Азия» АҚ экологиялық жоспарлау мен басқарудың негізгі пункттерінің бірі болып табылады. Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары магистральдық газ құбыры жүйесін пайдалану және жөндеу, ішкі тұтынушылар үшін табиғи газды тасымалдау, сондай-ақ халықаралық транзит болып табылады.

Осы бағдарламаларды іске асыру барысында келесі жұмыстар жүргізілді: қалдықтардың жинақталу лимиттерін есептеу (Алматы ӨМГ үшін), қалдықтардың жинақталу лимиттері мен қалдықтарды орналастыру лимиттерін негіздеу (Тараз ӨМГ үшін), қалдықтардың технологиялық циклінің негізгі кезеңдерін қарастыру (Шымкент ӨМГ үшін).

Қорытынды ретінде «Шығарылатын қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін азайтуға бағытталған іс-шаралар», сондай-ақ осы шараларды іске асырудан күтілетін нәтижелер ұсынылып, әзірленді.