“Интергаз Орталық Азия” акционерлік қоғамының экологиялық әсер етуге рұқсат алу үшін жобалау құжаттарын түзету бойынша ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУЛАР
«Жасыл мекен» компаниясының қызметкерлері еліміздің бірнеше облыстарында ұйымдастырылған қоғамдық тыңдауларға қатысып, экологиялық бастамаларға кәсіби маман ретінде үн қосты.
ШЫМКЕНТ: Айталық, біздің мамандар Әділбек Тұяқов пен Ұлан Коргулин Шымкент қаласында «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының «Шымкент» МГҚБ филиалы 2025-2029 жылдарға арналған экологиялық әсер етуге рұқсат алу үшін жобалау құжаттарын түзету бойынша қоғамдық тыңдауға қатысты. Тапсырыс беруші – «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының «Шымкент» МГҚБ филиалы. Экологиялық кодекске сәйкес, экологиялық сараптаманы жүзеге асыру процесінде мұндай басқосуларды өткізу міндетті. Қоғамдық тыңдауды өткізудегі негізгі себеп – қалдықтарды басқару бағдарламасындағы өзгеріс. Осы мақсатта магистральдық газ құбырларын пайдалану, тұрғын және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру бойынша өндіріс және жөндеу жұмыстары мен газ кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеумен айналысатын жоғарыда аталған кәсіпорын «Жасыл мекен» компаниясының қызметіне жүгінді. 2029 жылға дейінгі экологиялық іс-шараларға жоспар, ұсынылып отырған өзгерістерге негіздеме дайындаған біздің мамандар барлығын талапқа сәйкес орындады.
ЖАМБЫЛ: Мұндай қоғамдық тыңдау Жамбыл облысындағы «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының «Тараз» МГҚБ филиалы 2025-2032 жылдар бойынша экологиялық әсер етуге рұқсат алу үшін жобалау құжаттарын түзету бойынша болды. Қалдықтарды басқару бағдарламасын түзету кәсіпорынның балансына автокөлік алумен байланысты. Басқа жобалар бойынша өзгеріс жоқ. Қалдықтардың жиналу шегі,2025-2032 жылдары түзілетін қалдықтардың шектеулері, алдағы жылдарға экологиялық жоспар мен өзгерістерге негіздеме әзірлеген біздің компанияның мамандары жиналғандардың қолдауына ие болды.
АЛМАТЫ: Ал Алматыда ұйымдастырылған «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы» МГҚ филиалы үшін 2025-2031 жылдарға арналған экологиялық әсер ету рұқсатын алуға арналған жобалау құжаттары бойынша қоғамдық тыңдау бірден оң нәтижесін берді. Мұнда да осындай басқосу ұйымдастырудың негізгі себебі – қалдықтарды басқару бағдарламасындағы өзгеріс. Яғни 58 автокөлік құралының, жеңіл және арнайы техниканың меншікке өтуімен байланысты. Арнайы техника жылыту маусымына дайындық кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады. Жиналғандардан рұқсат алған қоғамдық тыңдау жоғары деңгейде өтті.