«JASYL KENSE»: «КЕГОК»-пен КЕЛІСІМШАРТ

Card image cap

«Жасыл мекен» компаниясы «Jasyl Kense» жобасы аясында «Кегок» АҚ-пен келісімшарт жасасты.

«Jasyl Kense» —кәсіпорында энергия ресурстарын ұтымды тұтыну, экомәдениет және қалдықтарды бөлек жинау қағидаттарын жүзеге асыру бойынша шаралар кешенінен тұратын жоба. Жоба келесі құрамдас бөліктерден тұрады:

• Қызметкерлерге арналған стандартты оқыту (онлайн/офлайн формат).

• Қалдықтарды сұрыптау үшін картоннан жасалған стандартты (биіктігі 90 см/ені 30 см/ұзындығы 45 см) эко-жәшіктерді орнату.

• Айына 1-2 рет сұрыпталған қалдықтарды жинау орындарына шығару және оларды қайта өңдеу зауыттарына әрі қарай тасымалдауды қамтамасыз ету.

• Жарты айда бір рет біз компанияның барлық қызметкерлері үшін тренингтер өткіземіз немесе қателер бойынша жұмыс жасаймыз.

• «Jasyl Kense» жүйесінде шикізат экспорты туралы мәліметтерді тіркеу.

• Жиналған деректер бойынша есептерді ішкі және сыртқы PR үшін, сондай-ақ компанияңыздың дайын немесе басқа есептерінде пайдалануға болады.

• Компанияның ресми сайтында жаңалықтарды жариялау арқылы жетістіктеріңізбен ашық бөлісу мүмкіндігі.

— Біздің экологиялық жобалау саласындағы клиенттерімізге шамамен 10 мың адам жұмыс істейтін 50-ден астам компания кіреді. Дегенмен, біз мұнымен шектеліп қалған жоқпыз. Өйткені «Jasyl Kense» инновациялық өнімінің өңіріміздегі және одан тысқары нарықтағы өзектілігі жоғары, — деді «Жасыл мекен» компаниясының басшысы Әділбек Нұртазин.

Сондай-ақ компания соңғы зерттеулер мен ғылыми деректерге негізделген қосымша білім беру модульдерін оқытумен кешенді қызметті ұсынады. Оқытуды сертификатталған экокеңесшілер жүргізеді.