«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қызылорда филиалы

«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қызылорда филиалы

«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ — Қазақстан Республикасындағы табиғи газды тасымалдау және бөлу бойынша ірі операторлардың бірі. Компанияның Қызылорда филиалы газ тарату желілерін пайдалануды жүзеге асырып, өңірді тұрақты әрі қауіпсіз газбен қамтамасыз етеді.

Филиалдың қызметі өндірістік нысандар мен инженерлік инфрақұрылымды пайдаланумен байланысты болғандықтан, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес экологиялық әсерге рұқсат алу қажеттілігі туындайды.

Жобаның міндеттері:

Жоба аясында өндірістік қызмет пен қоршаған ортаға әсер ету факторларына талдау жүргізу, шығарындылар көздері мен қалдықтардың түзілуіне түгендеу жүргізу, рұқсат етілетін шығарындылар нормативтерін (РЕШН / НДВ) әзірлеу, қалдықтарды басқару бағдарламасын (ҚББ / ПУО) дайындау, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын (ӨЭБ / ПЭК) қалыптастыру, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өту рәсімін сүйемелдеу қажет болды.

JasylMeken командасы не атқарды?

JasylMeken мамандары филиал қызметінің экологиялық аспектілеріне кешенді бағалау жүргізіп, эмиссиялар бойынша есептеулер мен ластаушы заттардың таралуын модельдеуді арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы орындады.

Экологиялық құжаттама толық көлемде әзірленіп, экологиялық портал арқылы тапсыруға қажетті материалдар пакеті рәсімделді және қорытынды шешім алынғанға дейін келісу рәсімі толық сүйемелденді.

Нәтиже:

«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қызылорда филиалы экологиялық әсерге рұқсатты сәтті алды.

Экологиялық құжаттама қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендірілді, бұл өңірдің газ тарату жүйесі нысандарын құқықтық және экологиялық тұрғыдан жауапты түрде пайдалануды қамтамасыз етті.

Сізге экологиялық әсерге рұқсат жобасы қажет пе?

Біз кәсіпорындарды барлық кезеңдерде сүйемелдейміз — түгендеу мен есептеулерден бастап, сараптамадан өтуге және рұқсат құжаттарын алуға дейін.