ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ — БАСТЫ МАҚСАТТАРДЫҢ БІРІ

«Жасыл мекен» компаниясының ұжымы білімін жетілдіріп, сала бойынша тәжірибесін арттыруға әрдайым ерекше көңіл бөледі. Семинар-тренинг, конференцияларға ұдайы қатысады. Сол ізбен Ақтөбе қаласындағы «Амстердам» қонақ үйінің конференц-залында өткен «YouLP Alumni Talks in Aqtobe» конференциясына барды. Шара Фридрих Эберт атындағы қордың демеуімен ұйымдастырылды.
—«Жасыл мекен» ЖШС қызметкерлері экологиялық тұрақтылық, жастар көшбасшылығы және азаматтық белсенділік мәселелеріне үлкен қызығушылық танытты.
Іс-шара бағдарламасына биологиялық әртүрлілік, тұрақты даму, адам құқықтары және жаһандық саясаттағы жастардың рөлі сияқты маңызды тақырыптарды қамтитын YouLP түлектерінің кіріспе сөзі, интерактивті семинарлар, лекциялар мен тренинг сессиялары кірді. Мұндай бастамаларға қатысу кәсіби көкжиектерді кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас көшбасшылар арасындағы байланысты нығайтуға көмектеседі.
Біз осы конференцияға қатысу арқылы кәсіби және әлеуметтік қызметте тұрақты дамуды қолдау және экологиялық құндылықтарды ілгерілету стратегиясын ұстандық, — дейді компания қызметкері Тоты Кульмуханбетова.

