«ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ — БӘРІМІЗДІҢ ПАРЫЗЫМЫЗ»

Card image cap

Осы жолы біз «Жасыл мекен» компаниясының даму жөніндегі бөлім басшысы Ален Алдангаровпен жақынырақ танысып, оның экомәдениет туралы түсінігін білеміз.

ӨЗІМ ТУРАЛЫ. Мен Ақтөбе қаласында дүниеге келдім. 2 жоғары білімім бар – аударма және менеджмент. 2010 жылдан бері жұмыс істеймін және қызмет барысында әкімшіден даму бөлімінің басшысына дейін көтерілдім.

Өте ұйымшылмын, өз бетімше және топ құрамында жұмыс істей аламын. Тәртіп барлық мақсатқа жетуге мүмкіндік береді деп ойлаймын.

«ЖАСЫЛ МЕКЕНГЕ» ҚАЛАЙ КЕЛДІМ? Мен компанияға 2024 жылдың қазан айының басында қосылдым. Мен ешқашан экология саласында жұмыс істеген емеспін, бірақ жаңа сынақтарды жақсы көремін. Өткен тәжірибемнен жақсы білемін, егер сіз жұмыс процесін дұрыс құрсаңыз, компания алға жылжи бастайды. Менің жұмысым компанияны халықаралық деңгейге шығаруға бағытталады. Сондықтан талдау және бақылау арқылы мен шығындарды азайту және өнімділікті арттыру үшін бизнес-процестерді оңтайландыру құралдарын ұсынамын.

ЭКОМӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ. Жыл сайын қалада және бүкіл елде табиғатты қорғау шараларының артып келе жатқанына қуаныштымын. Өз кезегінде бұған атсалысуға тырысамын. Егер мен кранның жабылмағанын және судың ағып жатқанын байқасам немесе жарық жай ғана жанып тұрса, онда оны сөндіре салу маған қиындық туғызбайды. Көптеген адамдар бұны ұсақ-түйек нәрселер деп ойлайды, бірақ үлкен мәселенің кішкентай нәрседен басталатынын ұмытпау керек. Өздеріңіз білетіндей, «бұл менің қоқысым емес, бірақ бұл менің планетам немесе менің жерім» деген ұранды ұстанамын.

Пластикалық бөтелкелерді жинау үшін бізге көбірек фандоматтар қажет. Өзге де пластикалық ыдыс-аяқтар да көп болғандықтан, оларды да бөліп, дұрыс сұрыптау керек. Мектептерде, жоғары оқу орындарында экологияға қатысты семинарлар көбірек өткізіліп, әрбір бала мен жасөспірім соған қатысса, білсе, бұл жақсы үрдісті қалыптастырар еді…