ЖАҒЫМСЫЗ ИІСТІ ЖОЮ ҮШІН…

«Жасыл мекен» компаниясының басшысы Әділбек Нұртазин бастаған ұжым Ақтөбе қаласындағы жаңа катализа́торларды сынақтан өткізді. «Байтақ» жасылдар партиясының мүшесі әрі эколог ретінде қатысқан бұл шараның маңызы зор.
Жергілікті билік, қоғам белсенділерімен кәріз су сорғалау бекетіне барған топ кәріз жүйесінен шығатын жағымсыз иісті бейтараптандырғыш инновациялық, биологиялық өнімнің көрсетілімінде болды. Жаңа өнім ағынды сулардың сапасын жақсартады, сондай-ақ кәріз жүйесінің коррозиялық бұзылуын тудыратын күкірт қышқылының түзілуін тежейді екен.
Бұл жобаны іске асырушы — VTA компаниясы. Аталған сала бойынша 65 елде табысты жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын Роттенбахтағы (Австрия) штаб-пәтерінде және Еуропада алты жерде VTA ағынды суларды тазартуды қауіпсіз, тұрақты және үнемді оңтайландыру үшін толығымен экологиялық таза жүйе өнімдерін шығарады.
Жағымсыз иісті болдырмау үшін қолға алынған процестің қалай іске асырылатынын бақылаған «Жасыл мекен» компаниясының өкілдері бұның әзірге сынақ жұмыстары екенін айтады. Нақты шешім алдағы уақытта шығарылады.

