Шілде айының 29-ынан бастап, компаниямыз «Қазақтелеком» АҚ-мен телекоммуникациялық компания қызметінің биоалуантүрлілікке

Card image cap

Шілде айының 29-ынан бастап, компаниямыз «Қазақтелеком» АҚ-мен телекоммуникациялық компания қызметінің биоалуантүрлілікке, жер, су ресурстарына әсерін мониторингілеуге және бағалауға арналған жалпыланған далалық жұмыстарды бірлесе бастайды.Айта кетсек,»Қазақтелеком» акционерлік қоғамы — Қазақстандағы ең ірі телекоммуникациялық компанияларының бірі. Ортада жасалған келісім-шартқа сай экологиялық мониторинг жүргізу бойынша қызметтің алғашқы қадамдары жасалуда. Жалпы қызмет көрсету 4 кезеңнен тұрады. Далалық зерттеу жұмыстарына компанияның білікті мамандары қатысып,жүргізетін болады( Нуртазин Адильбек Тугельбаевич,Балтурин Ануарбек Болатович,Туяков Адильбек Аскарович).Мониторингті жүргізу үшін жасақ құрамы сапалы әрі нақты өлшемдер алу мүмкіндігі жоғары аспаптармен жабдықталған.

Оларға:

 1. ГАНК газ анализаторы (атмосфералық ауадағы заттардың концентрациясын анықтауға арналған)

2. Шу деңгейін өлшейтін құрал(Шумомер Ассистент)

3. Спектрометр (электромагниттік кедергіні анықтауға арналған)

4. Фотобейне құрылғысы, квадрокоптер,дрон

5. Топырақ сынамасын алуға арналған арнайы қаптар

6. Жер үсті суларынан сынама алуға арналған арнайы ыдыстар

7. GPS навигаторы

Телекоммуникациялық компанияның биоалуантүрлікке және жер,су ресурстарына әсерін бағалау мақсатындағы далалық жұмыстар жоспары Ақтөбе облысынан басталып,мемлекетіміздің бірнеше облыстарын оның ішінде:Қызылорда облысы,Түркістан облысы,Жамбыл облысы,Алматы облысы,ШҚО,Павлодар облысы,Ақмола облысы,Қостанай облысын қамту көзделуде.Мониторинг жүргізу деңгейі өте ауқымды екенін жоғарыда аталып өткен территорияларға қарап,білуге болады.Аталған қызметтің нәтижелі орындалуы,мемлекет үшін де пайдалы әрі маңызы зор.Себебі,дербес түрде жасалған қоршаған ортаны  зерттеу жұмыстары бірнеше бағыттар бойынша деректер алып,биоалуантүрлікті сақтап,болуы мүмкін апаттардың алдын ала алатынына сенімдіміз.

Жоспар бойынша зерттеу жұмыстарының бірінші күні Қызылорда облысы Сырдария өзені бойында жасалды.Мамандарымыз Сырдария өзені бойынан жер үсті суының сынамасын пластикалық бөтелкеге алды,атмосфералық ауадағы заттардың концентрациясын ГАНК газ анализаторы арқылы өлшеді және топырақ сынамасы полиэтилен пакетіне болат металлынан жасалған күрекпен салып алды.Сынамалар алынған соң,арнайы мамандандырылған, зертханаға апарылынады.Кейін сынама деректері есептеліп,қажетті нәтижені алып,мониторингке қосамыз.Маршрут бойынша екінші күнгі нүктеміз Жамбыл облысының Шу өзенінің бойы.Бұл жерде де жоғары да көрсетілген зерттеу жұмыстары орындалды.Мамандардың айтуы бойынша,Шу өзенінің ағысы жақсы әрі су таза.Ал біздің далалық зерттеу жұмыстарымыз жалғасуда.