Өскеменде өткен дөңгелек үстел
Мониторингтің үшінші күні Абай облысының табиғатына тамсанып, зерттеу сынамаларын алумен өтті десек артық емес.Себебі,еліміздің шығысының пейзажы көз алмастай ғажап бейнелермен тұтасқан.Аягөз өзені бойынан су,топырақ сынамалары алынып,діріл,шу,атмосфералық ауаның құрамы зерттелді.Екінші тамыз күні Бұқтырма қаласындағы өлшеулерге АҚ «Қазақтелеком» маманы қатысып,сынамалар бірге алынды және электромагниттік өрістер бойынша деректер шекті мөлшерден аспады. Тамыздың 3-і күні АҚ «Қазақтелеком» ұйымдастыруымен Өскемен қаласында ESG (environment -қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, social -жоғары әлеуметтік жауапкершілік,governance -корпоративтік басқарудың жоғары сапасы)халықаралық рейтингін алу мақсатында компаниямызбен бірлесіп жасалып жатқан биоалуантүрлілікке,жер,су ресурстары мониторингі мәселесі бойынша ашық қоғамдық тыңдау дөңгелек үстел форматында өтті.Ашық қоғамдық тыңдауға «Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы»ММ, «Шығыс Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»ММ, Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдері қатысып,мониторинг жоспарымен танысып,соған орай мәселелер талқыланды.