«Jasylmeken» ЖШС қызметкерлері Наурыз мерекесін қалай қарсы алды?

Card image cap

«Jasylmeken» ЖШС кеңсесінде Наурыз мерекесіне орай Төрехан жұмыс күндеріндегі бір сарындылықты өзгерту мақсатында көңіл сергітетін уақыт келді деп шешті.

 Наурыз мейрамына орай ол: «Неге бұл күнді бәріміз үшін ерекше өткізбеске? Әріптестер, Наурызды ұлттық киіммен атап өтейік! Қандай болатынымызды елестетіп көріңіздерші: шапандағы Әділбек, камзолдағы Аяжан, бешбет киген Асқар, мен… Мен қазақ батырының толық киімін киіп келемін!»-, деді.

Кеңседегі таң  мерекелік көңіл-күймен басталды. Мереке күні әр қызметкер өзінің ең жақсы деген ұлттық киімін киіп келді. Аяжан дәстүрлі ою – өрнекпен көмкерілген қызғылт камзолда болды, ал бешпет киген Асқар даланың нағыз данышпанына ұқсады. Төреханды барлығы асыға күтті.Ол тек батыр киімін киіп қана қоймай,сонымен қоса жауынгерлік қару-жарақтарын алып келген.Есікке кептеліп қала жаздаған дулығамен және Асқарды қорқытып алмау үшін артына жасыруға тырысқан қылышпен келген.

Күлкі мен қуаныш кеңсені шаттыққа толтырды. Күн түрлі ойындар ойнаумен, ән шырқаумен өтті. Анар ұлттық мотивтегі шағын фитнес-сессия ұйымдастырды, Жанат Тәжібайқызы барлық тілек білдірушілерге арналған йога сессиясын өткізді, ал Ұлан ұлы батырлар туралы әңгімелермен бөлісіп,қалжындарымен қызметкелерге езуден кетпес күлкі сыйлады.