Далалық зерттеулердің соңғы нүктесі…

Card image cap

Солтүстікке жол тартып, 4-ші тамызда Ақмола облысы Рузаев районынан кезекті сынамалар алынды. Атмосфералық ауаның химиялық құрамына өлшеу ГАНК газ анализаторы арқылы жасалынды.Жергілікті жердегі АҚ «Қазақтелеком»-ның телекоммуникациялық мұнарасы орналасқан  жерден шу мен діріл өлшеніп,топырақ сынамасы полиэтилен пакетке салынды.Содан соңғы нүктеміз Қостанай облысына қарасты Аят өзені және Денисовка ауылынан өтетін Тобыл өзені.АҚ «Қазақтелеком» бағаналары маңынан өлшеу жұмыстарын өткізіп,сынамаларымыз алынды.Бір аптадан көп уақытты қамтыған ауқымды мониторингтің соңғы нүктесі- Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылында ағып жатқан Ор өзені.Өзен бойында шу мен діріл,ауа өлшеніп,топырақ пен су сынамалары химиялық анализ үшін алынды.Қазақстанның түрлі облысында орындалған жұмыстардың нәтижесі енді анализдеу мен есептеу,сараптау арқылы анық болады.Барлық далалық жұмыстар білікті мамандарымызбен жасалды және өзге де жаңалықтар мен деректер компаниямыздың әлеуметтік желілердегі парақшаларына(Instagram: @jasylmeken)  жүктеліп отыратынын хабарлаймыз.