Маршруттың алғашқы сынамасы қай жерден алынды?
Жоспар бойынша зерттеу жұмыстарының бірінші күні еліміздің оңтүстігі Қызылорда облысы Сырдария өзені бойында жасалды.Мамандарымыз Сырдария өзені бойынан жер үсті суының сынамасын пластикалық бөтелкеге алды,атмосфералық ауадағы заттардың концентрациясын ГАНК газ анализаторы арқылы өлшеді және топырақ сынамасы полиэтилен пакетіне болат металлынан жасалған күрекпен салып алды.Сынамалар алынған соң,арнайы мамандандырылған, зертханаға апарылынады.Кейін сынама деректері есептеліп,қажетті нәтижені алып,мониторингке қосамыз.Маршрут бойынша екінші күнгі нүктеміз Жамбыл облысының Шу өзенінің бойы.Бұл жерде де жоғары да көрсетілген зерттеу жұмыстары орындалды.Мамандардың айтуы бойынша,Шу өзенінің ағысы жақсы әрі су таза.Ал біздің далалық зерттеу жұмыстарымыз жалғасуда.